Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.08.2022
301
Наурыз –көктем
Ей,жарандар, жарандар,
Бері қарай қараңдар.
Наурыз тойын бастайық,
Ақ ниетті адамдар.
Қайырмасы:
Жарқырасын, Ай жұлдыз,
Жайраңдасын ұл мен қыз
Шуақ төксін нұрлы күн,
Қош келдің,көктем-наурыз!
Ақ ниетті ағайын,
Домбыраны қағайын,
Ұлы тойда біз енді
Қалай үнсіз қалайық!
Қайырмасы:
Жарқырасын,Ай жұлдыз,
Жайраңдасын ұл мен қыз
Шуақ төксін нұрлы күн,
Қош келдің, көктем-Наурыз!
Шығыстың бір асылы,
Ардақтымыз бұл-Наурыз,
Ежелгіден жеткен бір,
Абызымыз бұл Наурыз!
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter