👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  13.08.2022
  44


Автор: Амантай Бағыт

Кешірім сұраймын бабамнан

 


Кешірім, бабам, сенен сұрай келдім,


Атынан ұрпақ деген шырайлы елдің


Заман, қоғам тарлықпен білдірмеген


Қадірін Ақтабанның, Құлагердің...


Азаттықтың жолында боп шерменде,


Алаштың мәңгі ырза өткен Ерге


Жүректі шаншитыны әлі күнге


Салдық-ау сүйегіңді сергелдеңге.


17 жыл сүйегің сырқырады-ау


Қаройдың топырағын сағынумен.


Рухың Періштедей, қайран ақын,


Көктен қарап күтті ме сарылумен?


  Тыныштық бермей қойған өлген жанға,


Кінәні іздемелік заманнан да.


Қоғамнан джа көрмелік, одан гөрі


Сұрағым бар Құдайсыз «адамдарға».


Әрине, түсінеміз шындық керек,


Ноэль аға, төктің тер-таза еңбек.


Көргеніміз бабаның шын бейнесін-


Сенің арқаң, бауырым, саған-құрмет.


Қашанда жаныма бір маза бермей,


Қамшылайды ойларым дамыл көрмей


Әйтеуір бабам маған жақынырақ,


Құдайдан кейін өзі демегендей...


Көктемі 83-тің мамыр айы,


Естен кетпес сол бір іс санамда әлі.


Қаумалап қасиетті сүйегіңді


Дендерге Атыраудан келдік алып..


 Содан бері, жан бабам, дамылдадың,


Киелі Қаройыңда тыныш жаның.


 Ерліктің аспанында асыл рухың,


Еліңді нұрландырар-жыр-шырағың.


 


                              А.Бағыт


                        Жарсуат ауылы


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы