Өлеңдер ✍️

  13.08.2022
  285


Автор: Олжас БЕКМҰРАТ

Жастардың арта берсін мерейлері!

Ұзақ күткен Жаңа жыл келіп жетті,


Жалғыз келмей,


бақытын ала кепті.


Жылан жыл сәттілікке толы болсын,


Гүлдентіп,


нұрландырсын жер мен көкті.


 


Жаңа жыл –


адам саны көбейгені,


Жаңа жыл –


шаңырақтың кеңейгені.


Жаңа жылда қарттарым шуақ құшып,


Жастардың арта берсін мерейлері!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу