Өлеңдер ✍️

  13.08.2022
  354


Автор: Олжас БЕКМҰРАТ

Адал адам жете алады бақытқа  

Әр адамның  мінез-құлқы әр түрлі,


Қыйын екен түсіну де әркімді.


Біреулер бар көрсеқызар,


ашқарақ,


Адамдардан артық көрген алтынды.


 


Кей адамның ғұмыр жолы сұм-тозақ,


Ал біреудің  өмір жолы –


бір ғажап.


Сол ғажаптың  егер құнын білмесе,


Ол адамды күтіп алар мұң-азап.


 


Қайбір жан да


шын бақытты аңсайды,


Әне-міне жетемін деп шаршайды.


Адал адам жете алады бақытқа,


Арам жанды арам ойлар  қоршайды!


 


Жанды алға жетелейтін сенімі,


Сенім деген –


ер жігіттің серігі.


Төңірегіне төгіп әр кез жылуын,


Адалдықтың тоқтамасын көрігі!


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу