Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  101


Автор: Болат Жетекбай

Көрмей көзім ешкімді, сені көрер...

Көрмей көзім ешкімді, сені көрер...
Көбелектей күйтіне сеніп өлер
Өртенейін, отыңа мені жібер,
Басылар ма ғаламат ынтызарым?!
Қарсы жүрсем, қарамай жан-жағыма,
Кінә жоқ албырт, асау арманыма!
Жоқ еді сенде кінә, менде кінә...
Болжаусыз бұл жайымды білші, жаным!


Қуырылып кең дүнием, тарылғанда,
Құладым, бер... берсеңші, дәрің бар ма?
Жақындаса қайтеді жаның жанға?!
Тебіреніп теңіздей тыншымадым.
Түгесті төзімімді сұлулығың,
«Сүйгіз» деп, мың мінәжат қылулымын.
Бәлду-бәлду сөзі емес бұрынғының,
Шыдатпай жүрегімді шымшыладың!..
Әңгүдік әпендіге баларсың ба,
Бейілмін, бет қайтқанмен талай сында...
Жылайын, жалынайын, аяйсың ба?
Шуақ бер, иманымдай нұр-шырағым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу