Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  73


Автор: Болат Жетекбай

Еліктірсе тіл жеткісіз құдіретің...

Еліктірсе тіл жеткісіз құдіретің,
Енді менің жазылмайды бұл дертім!
Ешкімнің де ортағы жоқ, өйткені,
Жүрегіме жазылды ғой суретің.
«Сүйем» деймін, сүйе алмаймын ерніңнен!..
Жадыландым, жазмышыма көндім мен.
Суытпайсың бір сезімді ып-ыстық,
Сөйтесің де, жоғалмайсың көңілімнен.
Шүңейттенген – ойым емес, аңсарым,
Тәтті сиқыр қиялымды тамсадым...
Арбап, тағы шақырасың, алдайсың,
Бейопалы дүниедей бал шағым!
Үздігумен аттырып әр таңымды,
Үмітім де жалқын нұрға малынды...
Естігейсің мен салатын бір әнді,
Ескергейсің құрбан етер жанымды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу