Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  486


Автор: Абай күні

Туған күні Абайдың, Абай күні

Туған күні Абайдың, Абай күні,
Оныншы тамыз күнінде аталатын.
Әрбір жерде ерекше байқау өтіп,
«Іс-шаралар өтілді» деп, хат алатын.

Атаулы күн Ұлы Абайдың күні бүгін,
Өлеңдерін оқитын, қара сөзін.
Абай жанын зерделеп, зерттейтін күн,
Жанымызды шынайы баурап сезім.

Абай күнін құрметтеу бізге парыз,
Абай жолын оқытып біз жастарға.
Ұлы Абай қазағымның Ұлы ақыны,
Жол көрсетер тура жол бұл жастарға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу