Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  233


Автор: Абай күні

Біздің ақын, білсеңіз — Абай деген

Біздің ақын білсеңіз — Абай деген,
Қазақ үшін өлеңін, хатын жазған.
Қолындағы қаламы жанды тербеп,
Өшпестейін қазақтың атын жазған.

Бүгін міне Абайдың күні бүгін,
Бірге аталып өтетін туған күнмен.
Қаламгерлер саф алтын қалам тербеп,
Ал әншілер шырқайтын алтын үнмен.

Абай күні жер жерден тойланатын,
Атаулы күн боп мәңгі есте қалар.
Ұрпақтарға жететін үні Абайдың,
Жүректердің төрінен орын алар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу