Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  70


Автор: Болат Жетекбай

Кедір-бұдыр кеткен шығар көп күндер...

Кедір-бұдыр кеткен шығар көп күндер,
Өткен шығар талайлардың ғұмыры…
Ақ таңдарым, маңдайымнан өптіңдер,
Аялады ардың тұтам сынығы.
Түн тылсымын көкірекке көшірсем,
Жұлдыз еді жүрегімнің моншағы!
Тым болмаса, Фәни-жарық, кешір, сен…
Құйттай құсың қанат талып, шаршады.
Іздемейді көңіл шаттық шуағын,
Сеземін тек... соңғы күнім емес бұл.
Еміс-еміс сарын шалар құлағым,
Көз алдымда көмескі бір белес тұр.
Шайпау сезім шалқып барып, өшкенмен,
Шайтан жаққан оттың қалды қозасы.
Қарашықта… мұң-мұнары дес берген
Қарауытар сан арманның моласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу