Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  61


Автор: Болат Жетекбай

Бойлайсың өмірге, тойлайсың...

Бойлайсың өмірге, тойлайсың,
Шаттанып, тағдырмен ойнайсың.
Құшасың бақытты,
Тек, әттең,
Қауышпай қайғымен қоймайсың.
Білесің ақылдың жеткенін,
Ілесің арманның кептерін.
Өрлейсің, гүлдейсің,
Тек, әттең,
Күн туар қоштасар көктемің.
Өмірге сен де тал егесің,
Барыңды базарлап бересің.
Баянсыз дүние көшеді –
...өлесің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу