Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  61


Автор: Болат Жетекбай

Мен қайтейін?!

Жаралғалы жан тәніммен арбасқан,
Өз құмырын өзі бөлек сүйгесін.
Егізіме жетпей жүр ғой әу бастан
Тамшыдайын мөлдір, таза үйлесім.


Тән құмары жеңіп, бойды билесе,
Жан құлықсыз құлға айналар секілді.
Тағаты тұл сезім қозып, күйлесе,
Ұят кештеу тілгілейді бетімді.
«Таңда маһшар»... сұрау алып ар-ұждан,
Бұ дүниенің ақыретін көргем-ді.
Көп күнәнің майын сығып, тамызған
Тозақ оты күйдірген-ді кеудемді.
Шырқырады жаным сонда: «Қайда, – деп, –
Үзбей жиған ізгілік пен иманым?».
...Мен қайтейін, өткен іске айла жоқ,
Мен қайтейін, қу нәпсіңді тыймадың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу