Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  68


Автор: Болат Жетекбай

Өмір озар, тозар мүлік-дәулетің...

Өмір озар, тозар мүлік-дәулетің,
Сұрқы қашар сұлу, сәнді сәулетің.
Малды сүйсең, мұратың – тұл, ар – жетім,
Керегіңнен дүние-боқты көп алып.
Жан байысын, білім – бітпес дәулетің,
Нұрлы жүрек ойдың құрар сәулетін.
Бір Аллаға бағышталса бар ниетің –
Рахмет жауар, рухың азық көп алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу