Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  74


Автор: Болат Жетекбай

Тағдыр

«Пешенеге сызып қойған шеберің,
Пәни жөні Тәңірден ғой» дер едім.
Пенделіктің парқын біліп, бүгін мен
Бәрін, бәрін тек өзімнен көремін.
Тәуекелмен іс еткен соң әуелгі,
Себеп – менен, тағдыр маған тәуелді.


Кещелікпен кірсем бәле-бәтерге,
Кімге айтардай өкпе, кінәм бар енді?!
Тұрлаусызын ойлап тәйтік көңілдің,
Теріс баққан мінезімнен жеріндім.
«О, тағдыр!» – деп опынғалы соңынан
Арақ іштім, айғай салдым, елірдім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу