Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  111


Автор: Болат Жетекбай

Ырым

Түс көресің таңға таяу мезгілде,
Өлі-тірі көзтаныстар жолығар.
Бір жамандық кезігерін сездің бе,
Сен бәрібір жақсылыққа жорып ал!
Құдіретің бағып тұрған сыртыңнан,
Жазмышыңның жайын жұмбақ білдірер.
Қапы қалмай, ғибрат тұт ғұрпыңнан,
Ажал кейде – көзділер мен тілділер!
«Жәй айтылған ырым ғой, – деп, – ол деген»,
Кейбіреулер киесінен танады.
Әне, қара, сен жүретін жолменен
Қара мысық кесіп өтіп барады!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу