Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  62


Автор: Болат Жетекбай

Бірлігі бар ел артық

Ар жазасын көтергенше –
Арқалаған тас артық.
Оспадар дос есерленсе,
Одан ойлы қас артық.
Қызыл сөзге семіргеннен –
Қасық ұрттам ас артық.
Қалың надан еліргеннен –
Ақылды бір бас артық.
Сараң үйге түнегенше –


Сар далада қос артық.
...Жұрт қатарлы жүре берсе,
Ол өмірдің несі артық?!
Жаман болмас жоқтығынан,
Байдан – жомарт көш артық.
Түрмедегі тоқтығыңнан –
Азат күнгі аш артық!
Осылайша айтты сөзін,
Ақынға наз көр артып...
Термелетіп бермен қайтса,
Түгел сөзді түйіп айтса:
Жақын тартар жаттың өзін,
Бірлігі бар ел артық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу