Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  82


Автор: Болат Жетекбай

Алладан аян ба бұл – сәулелі өлең?..

Алладан аян ба бұл – сәулелі өлең?!
Арбалып сезімдерге, әуреленем...
Бір қонып, бір ұшады жан-бозторғай,
Тиянақ таппаған ғой ол да менен.
Ойымды зіл басады,
аңсар бөлек,
Алжасып, ақылымнан тансам керек...
Көкірек аспан жаққа алқынады
Ауадан тоя жұтып алсам ба деп.
Жүрегім ауырады,
дерті неден?
Шамалы шарап ішіп, серпілер ем,
Нәлеті, нәпсінің де нәті берік,
Көңілім жел тілеген, жел тілеген!...


Жан еркін алатын не?
Сезік басым...
«Түйіп ал түйсігіңе, сөз ұқпасым!» –
Санамды сиқыр-пері жадылайды,
Сыңсытып тәтті әуеннің созып басын...
Билігі бір басымның менде еместей,
Қомданып... қиял қанат сермеместей.
Дөңгелеп көз алдымда дүн-дүния,
Кейде шын көрінеді... кейде елестей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу