Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  226


Автор: Асанәлі Әшімов

ҮМIТ

(Асекеңе)
Ойы кен, к!кiрегi қазыналы,
Түйсiктiге айтасың базынаны.
Ғұмырдың да к!ктемi тәмәмдалып,
Байқаймын !тiп барад жазы-дағы.
Таба алмай тиянақты жақын жерден
Шар тарапқа шарқ ұрад ақын кеудем.
Мың шүкiрлiк айтамын тағдырыма
Түсiнiскен !зiңдей татымды ермен.
 Арманым кейде қылаң, кейде елес,
8мiрiм бiрде еңiс, бiрде белес.
«Мына сен тұрған кезде, мына менiң»
«Сол киноға» түспеуiм мүмкiн емес.
Жетерлiк болғаннан соң ақыл-айлаң,
Талайға к!мегiң мен тиген пайдаң.
Шәкiрт, iнi, дос-бауыр болғаннан соң,
Үмiтiм !зiңiз бен бiр Құдайдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу