Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  480


Автор: Асанәлі Әшімов

АҚСЕЛЕУГЕ!

(65 жылдығына арнау)
Жеңгелерiң қойған ат,
«Ұзын Сары» боп кеттiң.
Оғандағы қанағат,
Осылай сен ержеттiң!
Құрдастарың айтады,
«Феликстiң к!зi» деп,
«Сары-арқаның» байтағы,
«Жас дәуреннiң» !зi деп!
Күмбездерiң Ақселеу,
Күмбiр-күмбiр етедi.
Қоңыр даусың Ақселеу,
Жаңа Арқаға жетедi.
«Күй шежiре» тарих қой,
р ғасырлық шежiре!
Алған бағаң құтты ғой,
Жұрт құптады емiне!
Астанаға кеттiң сен,
Алматыны тастадың.
Жалғызсырап қалдым мен,
Калпемау! Бұл қай асқаның!
Ойладың ба әлде сен,
Жоғарыдан қарауға.
Аулақпын ондай ойдан мен,
Эгоист деп санауға.
Ғафу ағаң айтқандай
«Ыдысқа толтыр шарапты!
Жалған дүниең әйтпесе,
Болады бiзге абақты.
Ей! Сланұлы Ақселеу,
Тегi оның тарақты!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу