Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  317


Автор: Балта Қосбармақ

Маусым айы

Бал сыйлайтын мырза қол арадайын
Керегіне өмірдің жаралайын...
Сонда да мен сендерге оралайын,
Тойларыңды шат-думан аралайын.
Тойларыңды аралап ән айтайын,
Көңіл көгін жырыммен жаңартайын.
Біздің үйге қос келін алып келген
Мадақтайын жылдың бұл жомарт айын!
Жомарт айын жылдың бұл – июнь айын
Мадақтауға қашанда жырым дайын.
Төгілмейін қалайша тасып-толып,
Есігімді айқара ашып қойып;
Былтыр-дағы, биыл да осы бір ай
Келін әкеп,
Үйіме ғашық болып,
Жатса егер бар бақытты шашып беріп?!
1985 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу