Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  321


Автор: Балта Қосбармақ

Жаңалықтың жасампаз ұлы Отаны...

Жаңалықтың жасампаз ұлы Отаны,
Той тойлайсың думандап, міне, тағы:
Шашуыңды шашсайшы –
Бой көтерді
Жақсылық пен Бақыттың бір отауы!


Шашуыңды шаш, Дүние, шашуыңды!
Қараша үйге Бақыттың басы кірді.
Думандауға, тойлауға қуанышты
Тойлы ауылға бүкіл ел асығулы,
Шашуыңды шаш, Дүние, шашуыңды!
Балдарыңды төсіңе бас, Анасы!
Құтты болсын келінің, Қосағасы!
Шаңырағы шалқақ боп шаттығының,
Берік болсын Бақыттың босағасы!
01.09.1983 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу