👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  63


Автор: Балта Қосбармақ

Махаббат бақыты

Бақыт деген – от па қызу, жалынын көкке өрлеткен?!
Нөсер ме әлде ағыл-тегіл селдеткен?!
От боп, су боп, шарлап төрткүл Әлемді,
Бақыт мені іздеп тапты Жер-көктен!
Бақыт деген...
Таныс маған жөргектен,
Әлди ән бе дүниені тербеткен?!
Ән боп, күй боп, жыр боп баурап әлемді,
Бақыт мені іздеп тапты Жер-көктен!
Тосып жүргем, күткем оны мен көптен,
Барымды оған, төрімді оған бермекші ем.
Бүгін өзі – сендік сенім, махаббат
Іздеп мені тапты тағы Жер-Көктен!
Бақыт деген –
(Бұрын қалай сезбедім?),
Сенің хатың, сенің ыстық сөздерің.
Өзі де емес, көзі де емес өзгенің,
Сенің ғана сезім толы, сенім толы сөздерің!
Өмір бізді қырына алған кездерде,
Тағдырымыз түскен кезде безбенге;
Саған сенем, Бақытым,
Саған ғана сүйенем.
Сен де маған...
Сеніміңнен өзгерме!
«Өзгертем» деп өрекпіген ездерге
Махаббаттың мінбесінен сөз берме!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы