Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  86


Автор: Балта Қосбармақ

Келмейді хаттар

Келмейді хаттар, келмейді сенен, сүйіктім,
Күтумен жүрмін, күтумен жолдар жүріппін.
Берік ең неткен, берік ең неткен мұншалық,
Нәп-нәзік жібі үміттің!
Көгілдір көктем – келешек күнге аттанған,
Бейкүнә еді-ау балалық арман – тәтті арман.
Сырларын жайып ақтарған,
Жүрекке мынау жылуы мәңгі сақталған.
Үзбейді-ау үміт үзіліп қалған хаттардан.
Қайда сол хаттар, қайда сол хаттар?
Ұқпаймын,
Қайда сол хаттар?
Алдымнан неге шықпайды?
Көп болды, маған поштамен жете алмай жүр,
Арасыменен жететін оқулықтардың.
Келмейді хаттар, келмейді сенен, сүйіктім,
Күтумен жүрмін, күтумен жолдар жүріппін.
Берік ең неткен, берік ең неткен мұншалық,
Нәп-нәзік жібі үміттің!
8.04.1981 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу