Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  191


Автор: Балта Қосбармақ

Сұлулыққа сұқтану

Ғажапсың-ау, ғажапсың-ау, ғажапсың!


Көрмесе бұл сұлулықты, көз ақсын!..
Періште емес, перизат та емес, тек
Қараторы қызы ғана қазақтың.
Бүгін бұрым қидық, кеше шаш өрдік,
Сұлулықты табу-дағы,
Тану-дағы – хас ерлік.
Көрікті емес, сынық мінез, салмақты,
Жатыр екен мұнда нағыз әсемдік.
Жатыр екен мұнда нағыз сұлулық,
(Сұлулықты
«Қиылмаған бұрым» деп біз ұғындық).
Қажет емес жырлауға оны артық сөз,
Қажет емес бүркеуге оны шымылдық.
Қажет емес сипаттауға сөз де ерек,
Сұлулық бұл суреттерден өзгерек.
Қажет емес анықтама,
Тек қана,
Көретұғын көңілі ашық көз керек!
Атам қазақ қоңырлықпен озған ғой,
Неге керек артық қылық –
Айға қолын созғандай.
Қазағымның қасиетін көргенде
Қалсын қалай жүрек қылы қозғалмай?!.
12-15.04.1982 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу