Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  77


Автор: Балта Қосбармақ

Тас төбемде тұрғанында күліп Күн...

Тас төбемде тұрғанында күліп Күн,
Аңғармаппын, өмірді кеш ұғыппын.
(Ойланбаппын, өмірді енді шын ұқтым).
Өкінерім көп-ау,


Бірақ қиыны –
Кездеспепті сұлтаны да жігіттің!
Өмірде бұл от жоғалту – бар қайғы,
Ал әуелден отсыз дүние
Ешқашанда жанбайды.
«Қатынсың» деп бетіне айтсам «жігіттің»,
Еркектігін дәлелдей де алмайды!
Төлегенге дәл тигізген атқанын
Бекежан боп Қособада жатпадым.
Салар ма едім, бәлкім, суық қанжарды,
Әттең, Қозы емес сенің тапқаның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу