👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  23


Автор: Балта Қосбармақ

Гүл қадірі

Әркім ғашық қызыл қыр гүлдеріне,
Алқызыл гүл – толғантар сыр мені де.
Қызыл алау, қызыл гүл – от-жүрегін
Ұсынады ғашықтар сүйгеніне.
Ардақта да аяла,
Гүл қадірін
Түсін, адал жүрекпен шындап ұғын.
Гүл – бәрін де жеткізер адамзаттың
Айта алмайтын ауызбен сырларының.
Гүл – қаны ғой Еңлік пен Кебектердің,
Гүл – көз жасы Қайып пен Бөбектердің.
Қызыл гүлді ұсынба жоралғыға,
Жалынына жүректің бөлеп бергін!
Гүл ұсыну дәстүрі түрлі неткен:
Ұсынады кейбіреу шын ниетпен.
Мән-мақсатсыз кейбіреу
Қатарынан
Қалмас үшін өзгеге сыйлық еткен...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы