Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  78


Автор: Балта Қосбармақ

«Жоспарың жоқ, - десең де, - орындаған..»

«Жоспарың жоқ, - десең де, - орындаған»,
«Жерің жаман, - демеші, - елің жаман».
Кешірер-ау бұныңды бүгінгі ұрпақ,
Кешірер ме кешегі менің бабам?!
Кешірер ме кешегі сенің бабаң?!
«Елің жаман, - демеші, - жерің жаман»...
Қашаған мен Абылдай ақтаңгерім
Қалай айттың «жаман» деп жатқан жерін?!
Қалай айттың «жаман» деп –
Жауды қуып,
Атақозы, Құлбарақ жортқан белін?!
Қалай айттың «жаман» деп –
Бұрынғы өткен
Бабалардың даласын бүгін кеп сен?!
Кәпір патша, дұшпанмен жағаласып,
Батыр Досан төскейін дүбірлеткен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу