10.08.2022
  288


Қанатбек ПОШАТАЙҰЛЫ

ҚАНАТ СҰҚТАНҒАН СҰЛУ

Қырғыз елінің «Күркіреу» атты алып аймағын аудан орталығы етіп біріктірген. Аудан ортасына жақын «Россия» деген колхоз бар. Мектеп он жылдық. Ауданның әр тарабынан орта білім алу үшін орталау мектепті бітіргендер осы білім ордасына келіп білімін жетілдіреді. Мен де (Гүлшын) осы орта мектепке оқуға келдім. Алғашқы күні-ақ Бейшенәлі екеуіміз бір партада отырдық. Өмірлік бірге болуға жол ашқандай еді, бірақ сол уақыт араны қиындатып жіберді. Аттестат алып келген күні асыл арманым орындалмастай күйге тап болдым. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысының ұлы Ұшаның маған көзі түсіп жүрген екен. Сол күні кісілер келіп құдалық жайын сөз етіп жатты. Әке-шешем келісім берген. Ұша да жоғары білімді, біртоға жігіт еді. Бірақ, мен Бейшеналыны сүйдім. Ата-анам мені тыңдамады. Бейшеналымен жақындығымды ата-анам оларға айтып қойып, жалған жаламен Бейшеналыны қаматып тастады. Мен онан сайын ширыға, қатулана түстім. Жол жабдығымды реттеп алдым да, Алматыға қашып кеттім. Екі жылдай бала күтуші болып жұмыс істедім. Ауылда өзіме шын берілген құрбыммен хат жазысып, хат алысып тұрдым. Бейшеналы абақтыдан босанып, ауылға келіпті. Ұшамен кездесіп қалғанда екеуара жанжал шыққан. Ұша мені қайтсе де алатынын жеткізіпті. Бейшеналының келгенін, Ұшаның екеуара кикілжіңнің өршіп турғанын құрбым арқылы біліп, құрбыма, Алматыдағы мекен-жайымды Бейшаналыға беруді өтіндім. Менің хатым ақылы мекен-жайымды білген соң Бейшеналы терең ойға батады. Түрмедегі көрген қорлықтары ойға оралғанда, қаны басына шауып бір амал жасауға ойлана бастайды. Қылмысы жоқ таза адамды қылмысқа итермелегенді көрсетейін деген

оймен 16 калибрлі мылтықты тақымына басып алып, Ұшаның жолын торуылдайды. Таң атып, жұрт жұмысқа кете бастағанда жұмысқа ақ боз атпен кетіп бара жатқан Ұшаның бейнесі көріне бергенде, алыстан дәлеп тұрып атып салады. Ұшаның ақ бозаттың мойнын құшақтаған күйі құламай кеткенін көріп, ел құлақбанбасын деп, сол жерде тез арада қарасын өшіреді.
ІІІ
Қоңыраулатқан кім деп есік ашсам, қарсы алдымда Бейшеналы тұр. Өңі құп қу, бойы өскен. Қуандым. Келген күні сол үйге түнеді. Мен бар жайды толық айттым. Пәк екенімді, егер бірге өмір сүруге келіссең, қазір ілесіп кетуге дайын екенімді, соған шын берілген жан екенімді жеткіздім.
Жүрген үйін мұғалім апайдың жанұясы еді. Жайымызды білген апай пойызға шығарып салды. Шымкентке келіп түстік. Содан жаяу келгеніміз осы еді, - деді Гүлшын.
Жұмашай-бектің баласы-ай, Ұшасының мұрнына қарашы-ай. Осынша шуар болғанша,
Өлмегенін қарашы-ай, - деп жыршылар бекер өлең шығармаған еді деп, Бейшеналы күрсініп қойды.
Бейшаналы мен Гүлшын 3 жыл үйде жүріп кетті. Бейшеналы екі рет Москваға барып арызданып қайтты. Бошатай жиені әр баруына 2 үлкен қошқар сатып беріп тұрды. Үшінші жылға аяқ басқанда тамызға ақтау қағазын (пошта арқылы) есепші Сейіт әкеп сүйінші сұрады. Президиумның председателі Суслов арқылы шештім,- дейтін Бейшеналы.
Атқан Ұшасы өлмеген, оқ тиген жерлерін емдеп жазған көрінеді. Соңында, Ұшаның әкесі де істі болып, өздерімен өзі әуре болып кеткен көрінеді.
1945-1948 жылдарда болған оқиға ізімен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу