Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  136


Автор: Рза Оңғарбай

Қос шағала

Көңілім сенсіз менің босқа нала,
Сырым бар сақтап жүрген досқа ғана.
Сағынып жеттім тағы жағалауға,
Қайдасың, қайдасыңдар қос шағала?
Қайырмасы:
Қос шағала, қос шағала,
Табылшы тағдырлас құс мекеніңнен.
Қос шағала, қос шағала
Сағынып жетемін мен,
Тос жағада.
Төрінде көк теңіздің сағым ұшқан,
Ақ құстар арманымды алып ұшқан.
Дәл мендей сендердің де, қос шағала,
Сыздайды-ау жүректерің сағыныштан.
Қайырмасы:
Болмайды ақ арманға бет алмай біз,
Өмірді неге нұрлы ете алмаймыз?!
Тағдырдың желі қалай соқса-дағы
Мен елден, сендер көлден –кете алмаймыз.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу