Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  68


Автор: Рза Оңғарбай

Жұлдыздар

Адамзатқа аспанның жүзі мәлім,
Ақбоз-Көкбоз белгілі бұзық әнің.
Таң алдында толықсып туатұғын,
Шолпан жұлдыз, мен саған қызығамын.
Жетіқарақшы сен кімсің, ұрымысың?
Сен де керек боп қалдың жырым үшін.
Миллиард құс ұшты ма, бір-ақ сәтте,
Құс жолының кім білген құбылысын.
Шықты әнеки, Балықтар өсек терген,
Шаяндар тұр найзасын кезеп төрден.
Темірқазық байланып қазығына,
Ерінеді енжар боп Есекмерген.
Үркер ұшты із тастап шиырлаған,
Құмар ма еді ғарыш пен қиырға адам.
Ақын отыр аспанға қарап жерде,
Жұлдыз болу бақыты бұйырмаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу