Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  78


Автор: Рза Оңғарбай

Төрт белес

Өмір деген өң мен түс, елес екен,
Көктем деген көгілдір белес екен.
Ес жидырмай елбеңдеп өте шықты


Шіркін-ай, о несі екен?!
Жаз – құт болып құйылған арқа, бастан,
Ықыласты ырысын сарқа ма аспан...
Қоштасуға жарамай ол да кетті –
Қала бердім құмарым тарқамастан.
Тауыса алмай жүргенде біз желікті


Жылдар жылжып жылауық күз келіпті.
Не сыйламақ бұл шіркін енді бізге?-
Қане, достар, соны бір ізделікші...
Күзім сенде қызық көп шаттандырсаң,
Өмір жайлы ойлаймын жатсам-тұрсам.
Ей, қоңыр күз, саған да өкпелемен


Ақ қысыма аман-сау аттандырсаң.
Көктем, жазым ойласам бір амалың,
Күзімде де шырқадым құмар әнін.
Қыс бір белес, көруге жазғайсың деп,
Ей, тағдырым, өзіңнен сұранамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу