Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  85


Автор: Рза Оңғарбай

Ай мен күн және қазақ

Күн шықты «жылындырып, терлетем»-деп,
Менімен көгеріп тұр жер мекен»-деп.
Ай айтты: «күн дегенің күйдіргі ғой,
Бәріңді аппақ нұрмен тербетем»-деп.
Кім білген сынғандығын қайда сағы,
Күн шықса көк жүзінен ай қашады.
Көрмеске бірін-бірі анттасқандай,
Кезекпен көк төріне жайғасады.
Бойына құдыретті жиған асыл,
Тар ма деп табиғат та қиналасың.
Қазаққа қалай ғана өкпелерсің,
Ай мен күн бір аспанға симағасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу