Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  370


Автор: Рза Оңғарбай

Тәтті көрсе тынымсыз ызыңдаған...

Тәтті көрсе тынымсыз ызыңдаған,
Ұқсайды екен шынында шыбынға адам.
Көрген жоқпын мен әлі бір жігітті,
Сұлу көрсе көңілі бұзылмаған.
Жебір көзді жігіттер жендеттерше,
Қызға қарар,
Қайтер ед тергеп көрсе?..
Сұлуың да көрінер сұлу болып,
Аш беліне армансыз қол жеткенше.
Сонан кейін өзің де ерінесің,
Басқа арман мен басқа ойға берілесің.
Көңілің мен сезімің бәрі жалған,
Өзіңе өзің күшіктей көрінесің.
Өтеді өмір, шіркін-ай, байқалмай-ақ,
Жан сырымды келемін айта алмай-ақ.
Қайран сұлу баяғы, бұл күндерде,
Көрінеді көзіме сайқалдай-ақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу