Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  384


Автор: Рза Оңғарбай

ЖАЛҒЫЗ АҚҚУ

Жалғыз аққу айнала қалықтайды,
Жалғыздығы жанына салып қайғы.
Іздей ме екен сыңарын бейшара құс,
Сұңқылдаудан әйтеуір жалықпайды.
Сұлулыққа тамсанып, таңдай қағам,
Жалғыз аққу бақытсыз жандай маған.
Тірлігіңнің сәні де, әні де жоқ,
Жалғыздығы аққудың қандай жаман?!
Тәкаппарлық тарқатпас құмарыңды,
Жаза бассаң қорғайды кім арыңды?
Көктегі аққу сыңсиды жалғызсырап,
Жердегі аққу сен де ізде сыңарыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу