Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  74


Автор: Рза Оңғарбай

ТЕРЕКТЕР

Ғажайып сұлулығың ерек керім,
Тәкаппар тербелесің теректерім.
Белгісіз замандардан келесіңдер,
Тарихтың тұмар қылып деректерін.
Ұстатпай ұры уақыт безектеген,
Бір тылсым құпияны сезед денем.
Қаламын қара орманды халық па деп,
Даналар «бұл дүние кезек» деген.
Тарихта талай мәрте от өрілген,
Дүние хабардармын өтеріңнен.
Теректер адамдар боп елестейді,
Қайтадан жер қойнынан көтерілген.
Тірліктің талапайлы бәрі көкпар,
Жеткен жоқ жер астынан зәру ақпар.
Орманға өрт тигенде шошынамын,
Өртеніп кетеді-ау деп әруақтар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу