Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  77


Автор: Рза Оңғарбай

ЖЫР ЖАЗЫП БОЛҒАН СОҢ

Жыр жасын боп жарқылдағанда,
Жүрек сені, жаралағанмын...
Сол бір уыз сәт сарқылмағанда,
Талмаусырағаныма да қарамағанмын.
Ұйқы жау боп, көз талмай жырлап,
Түн баласы шыдам күй өткеріп,
Бозала таңда бозторғай шырлап,
Шығыс шырайлар құланиектеніп.
Жыр жазбақ болған ақ нөпір молдан,
Не дерің бар сабазға доғал,
Айналаң толы аткөпір болған,
Кінәсіз қайран қағазға да обал.
Жүрсек те жырды біз той-думан көріп,
Алдырмас анық талап тіктелмей...
Жақсы жыр жазсаң қыз қойнынан өріп,
Боласың бейне қанат біткендей.
Ақын да аңшы қуған мұрасын,
Бірақ та оның қосыны саздан...
Жырыңа таңда сенбей тұрасың,
Өзім бе екен деп осыны жазған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу