Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  92


Автор: Рза Оңғарбай

Жан-жүрек не жалықты...

Жан-жүрек не жалықты,
Түсінбей мынау халықты?
Тұнжырап тылсым тіршілік,
Көңілім жүдеп жабықты.
Жеткізбей қойды мұраттар,
Көңілім қайда тұрақтар?!
Кернейді менің миымды,
Миллион сұрқай сұрақтар.
Өмірім ойдың өрмегі
Әуре қып қойды, көр мені!
Күндіз-түн мені мазалап,
Әйтеуір тыншу бермеді.
Сәулесі нәрсіз нұрдың да,
Қуаты әлсіз жырдың да,
Опасыз ойды қуалай,
Құлармын мен де құрдымға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу