Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  126


Автор: Рза Оңғарбай

ҚАМШЫ ТУРАЛЫ

Қараулыққа қалай ғана жан шыдар,
Қысылғанда маңдайдан тер тамшылар.
Таусылғанда басқа істейтін амалым,
Қарманамын қайдасың деп қамшылар?!
Қару қылған батырлар мен аңшылар,
Музейде тұр сегіз өрме қамшылар.
Көрінбейсің сен қазақтың үйінен,
Сені қуған қатын, иә заң шығар?
Бұл жырымыз кейбіреуге таң шығар,
Шын жыласа соқыр көзден қан шығар.
Сенің орның музей емес әзірге,
Ер қаруы, қасиетті қамшлар!
Қатын басшы, бала қосшы, керім де,
Дегенмен дос уайымға берілме.
Ата-бабаң ұстап-тұтқан бір мүлік,
Тұрғаны жөн Сіздің үйдің төрінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу