Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  75


Автор: Рза Оңғарбай

ДҮНИЕ ЖАЛҒАН

Кейде жаның қажыған, құр сілікпе,
Күн кешесің күлкісіз, күрсініп тек,
Сарғайтады сан сұрақ санаңызды,
Оңай емес екен ғой тіршілік те.
Кейде өмірде құлайсың оңбай, көкем,
Кейде ажалмен бұл адам ойнайды екен.
Бақыт келіп қол берсе бір-ақ сәтке,
Оны пенде мәңгі деп ойлайды екен.
Сосын кетсе далаға лақтырып,
Жүгіресің соңынан құлап-тұрып.
Түсінесің ақыры, түсінесің,
Жалғандығын өмірдің жылап тұрып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу