Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  95


Автор: Рза Оңғарбай

ТАУЛЫ ӨЛКЕГЕ БАБАЛАР ТАБАН ТІРЕП...

Көрдің бе сен, ағайын, өнер елің?
Маңғыстауым, тарихың көне керім.
Тауларының өзі де бір керуен,
Айтпағанда қыземшек төбелерін.
Ақтауы бар, Бөлектау Қаратау бар,
Отпан деген оқшиған дара тау бар.
Бауырынан былдырлап бұлақ өріп,
Баурайында арқардың баласы аунар.
Сияқты бір апайтөс, асқақ мерген,
Жауларымды бұл таулар жасқап келген.
Дәніспан тұр Таушықтың желкесінде,
Барлық тауды өлкеме бастап келген.
Көбейсе де бұл күнде қалалары,
Тау деген бұл даланың қара нары.
Етегінде туған соң, ержеткенше,
Тауға қарап өседі балалары.
Бұл өлкенің боран мен желі бөтен,
Азаматтың болмаса белі бекем


Таулы өлкеге бабалар табан тіреп,
«Таудай болсың ұлдарым»,-деді ме екен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу