Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  56


Автор: Рза Оңғарбай

ТАУШЫҚҚА БАРҒАНДА

Сар шілденің
күн шығып шандағынан,
Аптап ұрды жалындай
жан қарыған.
Жан қоярға жер таппай - тұрған шақта,
Самал соқты Қапының аңғарынан.
Балалықтың
бал дәурен күнін елеп,
Жетіншінің* кідірдім түбіне кеп.
Кірпіш зауыт*
бір шеттен қол бұлғады,
«Бір сүңгіп шық өзіңнің Күбіңе» - деп
Өкпелідей
қабағын түйіп алған,
Сұршоңқалдың көріңді биігі алдан.
Сейлекеңнің бурылы қаңтарулы,
Қожекеңнің орны жоқ...
Үйі қалған...
Туған ауыл,
алаңсыз,
даусың да ашық,
Қыдырсаңыз
қызығы таусылмас ұқ.
Қазанғап пен Жұмахмет,
қос құрдасым,
мені көріп мәз болды, қауқылдасып.
Қалжырамас
көңілің қанаттанса,
Болғанын да білмеппін сағат қанша.
Сары шалдың сұрағы таусылғасын,
Туған үйде жыр жаздым таң атқанша.
Шалғай жүріп
тәйірі, тимесе ебің,
Деп ойлама
өзіңді сүймес елің.
Таушығыма барғанда
жан-жүрегім,
жаңарғандай бір ғажап күй кешемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу