Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  271


Автор: Азамат ОРЫНБАСАРОВ

Мен өмірге жаралғанмын жыр үшін...

Мен өмірге жаралғанмын жыр үшін,
Жырсыз бақыт, жырсыз шаттық құрысын.
Ол болмаса қақырайды қабырғам,
Ол болмаса тарылады тынысым.
Жаулаған ол тәнімнің әр қуысын,
Оған деген көңіл қалай суысын?
Ішімдегі жан айқайды ақтарар
Сол ғой менің нағыз құрбым, туысым.
Адал досым сол ғана ғой серт берер,
Ол болмаса менен күлкі шеттелер.
Кей-кездері бесіктегі сәбидей,
Көз ілдірмей түн ұйқымды төрт бөлер.
Құрғыр жүрек соққанда да жыр дейді,
Дүрсіліне басқа ештене кірмейді.
Адамзатқа махаббатсыз өмір бос,
Ал ақындар жырсыз өмір сүрмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу