Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  371


Автор: Азамат ОРЫНБАСАРОВ

ЖЕЛТОҚСАН

Желтоқсан, түсің неткен суық еді?
Кінәң бар ақтай алмас жуып енді.
Сорасын еріткенсің талайлардың,
Қабылдамас таратқан уың емді.
Сені ұмытқым келеді арасында,
Сені құртқым келеді нанасың ба?
Боздатқаның шындық қой мынау елді,
Боздақтарын қайтара аласың ба?
Қызыл қанға тұншыққан есіл арман,
Құтырынып шығады кешің алдан.
Ауыздықтай алмаған жауыздықты,
Мен сені кешіре алман...
Бұдан былай сен болсын көрмегенім,
Алынбаған кегім бар сенде менің.
Халқың үшін жазаңды жеңілдетер –
Бодандықты мәңгіге жерлегенің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу