Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  146


Автор: Азамат ОРЫНБАСАРОВ

Қызғаныш па арада бар бір күдік...

Қызғаныш па арада бар бір күдік,
Қош деп едім, шығарып сәл бір бүлік.
Қабағыңды түйдің де қара бұлт қып,
Көз жасыңды жібердің жаңбыр қылып.
Өшірмей артта қалған көштегі ізді,
Уақытым сақтар бәлкім есте бізді.
Білемін, қоштаспадың меніменен,
Қоштасқан бақытың ғой, қош дегізді.
Іште арман көп алданған құр сағымға,
Олар бейне шарана жүр шағында.
Бұйырмады бір күндік жарық тіпті,
Тағдыр жауыз өлтіртіп құрсағында.
Тағдыр сұғын осылай жәй тік қадап,
Кете бардың, мен тұрмын қайтіп қарап?
Мен сипаған шашыңнан жел де сипап,
Қосылып маған «қарғыс» айтып барад.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу