Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  478


Автор: Азамат ОРЫНБАСАРОВ

Қайныға жарасады не десем де...

Қайныға жарасады не десем де,
Жайлыға балайды ылғи жеңешем де.
Ол рас, мінсізбін деп айта аламын,
Күнәсіз періштемін демесем де.
Қаншалық дегеніммен күшті адаммын,
Аққудай сыңарыммен ұшпағанмын.
Тек қана жеңгей қолын ұстағанмын,
Жастықтан басқа ештеңе құшпағанмын.
Демессің – мендей жандар сирек емес,
Өйткені бұрын ару сүйген емес.
Махаббатта дей алам – адал жанмын,
Кеседен басқаға ернім тиген емес...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу