Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  118


Автор: Азамат ОРЫНБАСАРОВ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРАҚИЯ

Бұл тағдыр жүрегіне жара құя,
Жүрсе де қажымайды бала би, ә?
Бүгінгі мейрамыңа жыр арнайды ол,
Тек қарап тұра алмайды, Қарақия!
Мұнай, тас, газың да бар жанып тұрған,
Сен-дағы миллионерсің барып тұрған.
Бағыңның бар екенін көрмеймісің,
Құдайым қазынаға қарық қылған.
Бұл сөзім имандай шын нанба мейлің,
Әйтеуір ақиқаттың аңда күйін.
Қазынасын жырлаумен тауса алмаған
Шаңға бейім құлыны таңға дейін.
Туған жер, қасиетіңмен нәр төк енді,
Деп көзіндей көретін әр төбеңді.
Ұл-қызыңның өздері қазына ғой,
Еңбекпен аспандатқан мәртебеңді.
Қиын дертті жүретін елеп тегі,
Дәрігер боп ел қамын жемеп пе еді.
Адамның қу жанына арашашы
Жиқауев Еркебай бар Сенектегі.
Бейне бір Көкмойнақтай дүбірде тың,
Саусақтарын пернеде жүгіртетін.
Алтыншы күйші атанған Орының бар,
Күйдің жете меңгерген құдіретін.
Жан болып ауыр міндет артып келген,
Бұл күнде орын алар шалқып төрден.
Ақиық ақының бар Мырзатайдай,
Бәрінен қара өлеңді артық көрген.
Бұл даланың белгілі жұрты маған,
Бұл даланың белгілі кілті маған.
Сенде жатқан қаншама ауылдар бар,
Боз жусанның иісі бұрқыраған.
Халықтың есінде әлі осы жәй дәл,
Жатса да қанша күн мен өтіп айлар.
Сендегі баға жетпес қара алтынның
Фонтанын алғаш атқан Жетібай бар.
Талай жанға болған шын зор тағылым,
Оны айтуға бұл күнде қорқады кім?
Мен неге атамайын Құрықтайын
Қарт Каспий аймалаған орталығын.
Көгілдір отыныңды ел ең жаққан,
Артық болмас арнасам өлең мақтан.
Аттас болдың ең терең ойпатыңмен,
Теңіздің деңгейінен төмен жатқан.
Халықың аталмауын қош көрмейді,
Және де мереке деп дес бермейді.
Өйткені бүгін сенің туған күнің,
Думанды үннен басқасын ескермейді.
Байлығыңа жатқан жоқ жазыла сын,
Жүрмегейсің сөзімнен наз ұға шын.
Қойнауы қазыналы Қарақия,
Ұлың үшін сен басты қазынасың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу