Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  82


Автор: Сандуғаш ШОРТАНОВА

Сіз болжап, жауған жауын бұл...

Сіз болжап, жауған жауын бұл,
Жүргенде жасқа малынып,
Тұратын дүлей дауыл кіл,
Тулаған жүрек сағынып...
Сіз болжап, төккен нөсер бұл,
Жүргенде көктен бақ тілеп
Жүректен мұңды көсер бір
Аймалап жанды жатты леп.
Бойымда қалмай түк дәрмен,
Тылсымға кеттім еніп бір.
Сіз болжап, көшкен бұлттармен,
Ілесіп кеткім келіп тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу