Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  259


Автор: Айгүл Талысова

КЕШІРШІ МЕНІ

Кешірші мені, Аяулым!
Кеудеңе салсам қаяу мың.
Безініп кеттім тағдырдан,
Махаббатым жоқ жаяумын
Сезімім саған таусылды,
Естімей кәусар даусыңды.
Махаббат оты күл болды,
Үгіліп біткен тау сынды!
Өзгеге көңілім бұрмайды,
Сағыныш кеуде тырнайды.
Бұл сезім, жаным, алайда
Махаббат деуге тұрмайды.
Тыйылмай барад жасым да,
Тағдыры жетер ғасырға.
Осыдан былай, махаббат,
Досым боп қалшы қасымда
Ішкіздің талай уыңды,
Жегіздің қалай жуынды.
Таба алмай қалдым, қымбаттым,
Сенен де көңілім суынды!
У ішті кеудем жастай мың,
Жаңа өмір енді бастаймын.
Қайғының бәрін ұмытам,
Сені де, жаным, тастаймын
Шыңдарға көңіл шарықтап,
Барамын биік қалықтап.
Бірақ та, жаным, өзің біл
Сүйемін десең алып қап.
Қорықпа ойын күреймін,
Сүйіскен көңіл кілейдің.
Шын мәнді ғашықтардай боп
Мен саған бақыт тілеймін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу