Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  90


Автор: Шынар Түйешиева

АСТАНА КҮНІ

Аты ғажап, шапағаты арайлы,
Ажарына жұрт таңдана қарайды.
Ел жүрегі Астананың көгінен
Еш жерде жоқ бір әсем саз тарайды.
Бейбітшілік күні қонған Астана,
Жасампаздық шыңына озған Астана!
Ұлы елімнің сәулетінің айнасы,
Ақындардың жыры болған Астана!
Аппақ етіп жамылып ап жейдесін,
Келе жатқан жас баладай күйдесің.
Салтанатың-сәніңменен әлемде
Атың жалғап шаһарлардың тұр көшін.
Гүлдене бер, мақта-мүсін Астана,
Балбөбектің тәтті әнісің, Астана!
Қазақ деген осы ғажап халықтың
Ақ таңысың, мақтанысың, Астана!
Тербеледі Сарыарқаның даласы,
Жерұйыққа арнауда әнін, шамасы.
Гүл қаланың бұл тамаша күнінде
Билеп жатыр ерке Есіл жағасы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу