Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  103


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМДЕ

Дәл бүгін – менің туған күнім анық,
Армандар асқақтайды шыңы жарық.
Ойыммен бірақ менің санаспайды,
Келмейді мен күткен жан гүлін алып.
Кетпейді бір ой естен тұрып алып.
Керегі – гүлің емес, өзің едің,
Мен сенің сеніп келгем сөзіңе мың.
Өзіңсіз көмескі ғой мына жалған,
Жандай боп жалғыз қалған сезінемін.
(Таппасаң өзің емін).
Маған еш керек емес көрік, мүлік,
Өзіңе сыр айтушы ем сеніп тұрып.
Сағым боп енді бәрі бұлдырайды,
Қайтадан келмесіңді көріп тұрып.
Күн кешем елесіңді серік қылып.
Ой деген – сағым сынды көш-көлік боп,
Сырт көзден жасырушы ем сескеніп көп.
Мауқымды басар ма едім қарап тұрып,
Қалмапты суретің де естелік боп.
Ауыр жүк – Сенім деген иығымда,
Қалмапты естелік боп бұйымың да.
«Тағы да сеніміңді сына» дей ме,
Тұр, міне, мысқыл күлкі миығымда...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу