Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  63


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Асығам «Арманға жетем» деп...

Асығам «Арманға жетем» деп,
Ойланам «Қалайша өтем?» деп.
Санамның ішінде сен жүрсің,
Жанымның сарайын мекендеп.
Мекендеп жанымның ұясын,
Көңілге сан түрлі ой жиясың.
Мендегі жаралы жүрекке
Ғажайып бір сәуле құясың.
Мен талай ұйғардым,
(Сезім – сыз),
«Күндерді ұмытсам ба екен?» деп.
Мен талай қиналдым –
Өзіңсіз
Сан тарау жолдардан өтем деп...
...Қиялға берілем тек үнсіз,
«Түсімде кездесер ме екен?!» деп..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу